01.06.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Автор: admin

    «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
    20.09.2022

    Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде.

    «Балалар жылы» аясында «Мектепке жол» акциясы бойынша бастауыш сынып оқушыларына көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры мен төрайымы атынан танымдық ойындар мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды. «Аманат» партия ұйымы Анна Александровна Кухарева, бас медбике, «Аманат» ұйымының  мүшесі Нагомбаева Зәуре Абайқызы, Аманат ұйымының  хатшысы Еңсебаева Гүлжан Әділханқызы «Ақ ниетте» қонақта болды. «Ақ ниет»  ұжымы демеушілерге сыйлықтар үшін шекіз алғысын білдіреді.

    1 қыркүйекте жаңа оқу жылы қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
    20.09.2022

    1 қыркүйекте жаңа оқу жылы қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған дайындық және бірінші сынып оқушылары алғашқы ұстаздарымен танысты. Осы тамаша және көптен күткен күні бастауыш сыныпқа жаңадан келген балаларды ата-аналары мен мектеп ұжымы құттықтады. Көңілді Микки Маус пен сұлу Ханшайым олармен ойындар ойнады, балалар ертегі кейіпкерлерінің қызықты тапсырмаларын қуанышты көңіл-күймен қайталады. Баширова Ислана «Ардақты Ұстазым» әнін орындады. Мұғалімдер жаңадан келген балаларды «Ақ ниет» оқушылары қатарына қабылдап, оларға мерекелік медальдар табыстады. Ал мерекелік іс-шарадан кейін балалар мұғалімдермен бірге сыныптарына, білім күніне арналған «Ұмтылу білімділік, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты білім сабағына белсене қатысты. Құрметті қонақтарымыз, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Абдрахманова Елизавета Амировна, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Смоляков Илья Анатольевич «Сыңғырла, алғышқы қоңырау» іс-шарасының куәгерлері болды. Олар бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда, барлық бастамаларында сәттілік тіледі.

    «Балалар жылы» аясында «Мектепке жол» акциясы бойынша бастауыш сынып оқушыларына көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры мен төрайымы атынан танымдық ойындар мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды. «Аманат» партия ұйымы Анна Александровна Кухарева, бас медбике, «Аманат» ұйымының мүшесі Нагомбаева Зәуре Абайқызы, Аманат ұйымының хатшысы Еңсебаева Гүлжан Әділханқызы «Ақ ниетте» қонақта болды. Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» 8-КММ филиалының аға маманы Қалиев Мадияр Қалымұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Катрук Раиса Васильевна өз ұйымы атынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 10 оқушыға кеңсе тауарларына 5000 теңгенің сертификаттарын табыс етті. Біз «Ақ Ниеттің» барлық достарына мейірімді жүректері мен қамқорлықтары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға денсаулық пен бақыт тілейміз!

    27 тамыз  күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында «Образованная нация: Стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм»
    20.09.2022

    27 тамыз  күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында «Образованная нация: Стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм» тақырыбында жаңа  оқу жылының І-ші педагогикалық кеңесі өтті. Жаңа оқу жылына жасалған оқу және  тәрбие жоспары туралы директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының есебі берілді. Мекеме директоры Кривицкая С.К. педагогтарды жаңа оқу жылымен, сондай-ақ  елеулі жетістіктерімен құттықтап, алғыс хаттарын табыс етті. Келе жатқан 2022-2023 оқу  жылына  дайындық жұмысы қаралып, қысқаша есеп берілді.

    6 маусым күні Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінде Қырғыз ұлттық университетінен келген қонақ
    20.09.2022

    6 маусым күні Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінде Қырғыз ұлттық университетінен келген қонақ, п.ғ.к. Апаева Софья Хусейновнаның ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар матрицасы-2022» халықаралық форумы өтті, оның аясында жаңартылған білім беру мазмұнының түрлі мәселелері мен педагогтердің  ғылыми жобаларын талқылаумен диалог алаңдары өткізілді. Шығыс Қазақстаннан шақырылған сарапшылардың қатарында біздің «Ақ ниет» мектеп-интернатының қызмет үлгісіне тоқталған Кривицкая Светлана Каримуллаевнаның да болғанын ерекше атап өткім келеді. Қатысушылар арасында ауыл мектептерінің 6-8 сынып оқушылары өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық идеяларын ортаға салды.

    Форум соңында әрбір қатысушыға дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

    «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі»
    20.09.2022

    ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 19 мамыры мен 10 маусым аралығында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңін қашықтан өткізді.

    Байқауға облыстың арнайы білім беру ұйымдарының 27 педагогі қатысты. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын байқаудың жалпы ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.

    Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:

    «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» номинациясы бойынша:

    І орынды  ШҚО ББ «Ақ ниет мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі Искакова Салтанат Нуртазановна иеленді. Әріптесімізді І жүлделі орынмен шын жүректен құттықтаймыз,  шығармашылық табыстар тілейміз!

    «КӘСІБИ БАҒДАР БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА МАҢЫЗДЫ»
    20.09.2022

    Болашаққа кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. 9 сыныптарға болашақ кәсіптік бағдар беру мақсатында колледждермен жасалған келісімшарт негізінде дәстүрлі түрде «Ақ ниетте» биыл 5-ші жыл курсалды және сабақтарға бейімдеу аяқталды. 7 оқушы оператор ЭВМ курсы бойынша «Компьютер для офиса» 72 сағаттық, 6 оқушы «Есеп және аудит» мамандықтардың алғашқы дағдыларын игеріп, болашақта осы мамандық бойынша оқуын жалғастыруға үміткер. Жалпы осы бес жылдың ішінде бітірген 9-10 сынып бітірген 38 түлектің ішінде 5 оқушы аудармашылық істі, 8 оқушы оператор ЭВМ мамандығын таңдады. 2 түлегіміз оператор ЭВМ мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнында оқиды.

    МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨМІРІНДЕ 5-СЫНЫП БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІ ӨТЕ ӨЗЕКТІ
    20.09.2022

    Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған кездесулер өткізіліп тұрады. Осы бағытта инклюзивті сыныпқа қосылудың кедергісіз жолының бірі ретінде «Ақ ниет» мектеп-интернатының 4 сынып бітіруші түлектерімен балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған арнайы психологиялық бейімделу бағдарламасы жүргізілуде. №15 мектеп ұстаздарымен байланыс орнату мақсатында кезекті кездесу «Ақ ниетте» өтті. Бұл кездесуден екі жақта өздеріне көптеген мағлұматтар алды. Балалардың білім сапасымен қатар өмір сүруге қолайлы ортасына экскурсия жасап қайтқан қонақтарымыз өз ризашылықтарын білдірді.

    ҰЛТТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ БАР ЖАҚСЫ ҚАСИЕТІН — ТІЛІН, ДІНІН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН, САЛТ-САНАСЫН, ДӘСТҮРІН НЕМЕРЕСІНЕ, НЕМЕРЕСІНЕН ШӨБЕРЕСІНЕ ЖЕТКІЗУШІ, ДАМЫТУШЫ, ӘРИНЕ, ӘЙЕЛ — АНА.
    20.09.2022

    Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық.

    Жоғары сынып қыздары арасында «Бүгінгі таңда қазақ қызы қандай?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас кездесу өткізілді. Пікірталас барысында жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ғылымның барлық бағыттарында интеллектуалды қабілеттері дамыған, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған, жоғарғы деңгейдегі мәдениетті және адамгершілікті, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінген қыз баланың тұлғасын қалыптастыру маңыздылығы жан-жақты қарастырылып, ортақ ой талқысына түсті. Қыздарымыз өз пікірлерін еркін және нақты дәлелдермен ұштастырып жеткізе білді. Елімізде әдемі, әрі ақылы мен көркі жарасқан сұлу да саналы қыздарымыз өсе берсін! «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деген Мұхтар Әуезовтың нақыл сөзін әрдайым жадымызда ұстайық!

    9 — МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ
    20.09.2022

    9- мамыр Жеңіс күні- бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Осыған орай «Ақ Ниет» мектеп-интернатында балалармен Отан үшін от кешіп, Жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы видеофильм көрсеттік. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, өз елін, өз жерін қастерлейтін саналы да, парасатты елжанды- ұлтжанды ретінде тәрбиелеу. #деньпобеды2022

    «ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»
    20.09.2022

    «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» Ұлы Отан соғысындағы даңқты Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай «Ақ ниет» мектеп-интернат тәрбиеленушілері патриоттық әндер орындады. Бүгінгі ұрпақ ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңісті, мәңгі жадында сақтайды.

    Страница 20 из 23« Первая«...10...1819202122...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты