01.06.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Автор: admin

    Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай кітапханада «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітапхана сағаты өтті
    20.09.2022

    Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай кітапханада «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітапхана сағаты өтті. Мұқағали — ақын, гуманист. Ақын өлеңдерін оқыған сайын бейнелі рухтың, сезім мен сананың ақиқат тұтастығына сүйсінеді. Ақынның өмірі мен шығармалары туралы студент Газраилова М. айтып өтті. Сондай-ақ ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Мұзбалақ ақын Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    14 ақпан күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында «Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған» атты ашық сабақтар апталығының салтанаты ертеңгілігі үш тілде болып өтті
    20.09.2022

    14 ақпан күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында «Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған» атты ашық сабақтар апталығының салтанаты ертеңгілігі үш тілде болып өтті. Бастауыш сыныпта оқитын негізгі пәндер қонаққа келіп өз білімдерін ортаға салды. Қызықты жұмбақтар шешілді. Апта бойы  өткізілетін мәнерлеп  оқу, көркем жазу және оқу шапшаңдығы сайыстарына белсене қатысқан оқушылардың жетістіктерін  қорытындылау нәтижесі болатыны хабарланды.  Ертеңгілік соңында «Учать в школе» әні орындалды.

    Алғашқы ашық сабақты 4 «а» сыныбымен Искакова С.Н. өткізді. «Комбинаторные задачи, решаемые методом перебора» тақырыбымен  математика пәні бойынша өткізілген сабақ барысында оқушылар өз белсендіктерін таныта білді. Сабақ бірнеше қызықты бөлімдерден тұрды, қорытынды бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

    Барлықтарыңызды бастауыш сынып апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, болашақтың білімді жастары екенімізді көрсетейік!

    Положение службы ППС
    20.09.2022

    2022 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    20.09.2022

    2022 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы іссапармен, Шығыс Қазақстан облысы білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Зейнеп Махсутовамен бірге «Ақ ниет» мектеп-интернатында болып қайтты.

    Ұжымның қызметімен жете танысқан Майра Тұрғанбайқызы оқу жүйесін ұйымдастырудың заманауи материалдық-техникалық базасы, кедергісіз физикалық орта және балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды атап өтті. Кездесу барысында, директор Кривицкая С.К. тәрбиеленушілерді жалпы, техникалық және кәсіптік білім беруге ойдағыдай тарту бойынша педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысы және кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ қосымша білім беру бағыттары туралы толықтай айтып өтті. Тәрбиеленушілермен жеке сөйлесу кезінде қонақтар интернат өмірінің ерекшеліктері мен жасалған қолайлы жағдайлар туралы әңгімелесті. Қызықты әңгіме барысында балалар барлық сұрақтарға шынайы көңілмен жауап берді. «Ақ ниеттің» қонақтары үшін есігіміз әрдайым ашық дегіміз келеді.

    Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп-интернатта «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы» атты кітапханалық сабақ өтті
    19.09.2022

    Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп-интернатта «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы» атты кітапханалық сабақ өтті. Іс-шараның мақсаты: тәрбиеленушілерді қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, тіл жанашыры, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өз Отанының нағыз патриотының өмірі туралы әңгімелеу.Тәрбиеленушілер Ахмет Байтұрсынұлы ның өлеңдерін жатқа айтып. белсенді қатысты. Акынның өмірі мен шығармашылығына арналып слайд көрсетілді. «Ахмет Байтұрсынұлы –ұлттың ұлы ұстазы » атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды.

    #QAZAQSTAN30

    Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына төмендегі лауазымдар бойынша бос орындарға конкурс жарияланады
    19.09.2022

    Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына төмендегі лауазымдар бойынша бос орындарға конкурс жарияланады
    17.09.2022

    Страница 23 из 23« Первая«...10...1920212223

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты