Автор: admin
4 мамыр күні «Ақ Ниет»мектеп- интернатында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Ұлы Жеңістің мән-маңызы және Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, баулу; бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздіктің жалпыадамзаттық құндылықтарын сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысында мерт болған жауынгерлердің рухына деген тағзыммен 1 минут үнсіздік жарияланды. «Бейбіт күн жасасын әлемде!» тақырыбында 4-11 сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Қорыта келе оқушылар ұрпаққа ұлан болған Жеңіс күнінің қандай зор ерлікпен келгендігін ұғынды. Ерлік даңқы ешқашан өшпейтінін түсінді.
02.05 мамыр күні «Ақниет» мектеп-интернатында тәрбиеленушілер аралығында «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» атты сурет көрмесі өтті. Балалар бейбіт ел туралы өз ойларын нығайту, рухани адамгершілік қасиеттерді ұялата білу арқылы суретті әсерлі бейнелей білді.02.05 мамыр күні «Ақниет» мектеп-интернатында тәрбиеленушілер аралығында «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» атты сурет көрмесі өтті. Балалар бейбіт ел туралы өз ойларын нығайту, рухани адамгершілік қасиеттерді ұялата білу арқылы суретті әсерлі бейнелей білді.
03.05.2023 күні жоғары топ тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Жас ұрпаққа біздің жерлестеріміздің майдан даласында ерлікпен шайқасқаны жайлы бірқатар мағлұматтар берілді. Балалар өздері білетін келесі мәліметтермен белсене бөлісті.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль — ордендермен марапатталса, 500 — дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100 — ден астам адам — Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар — Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы — мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі — қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі — Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 28 сәуірінде «Ақ ниет» мектеп-интернатының базасында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың оқу-дамыту үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға қатысушылардың қатарында білім беру мекемелерінің жетекшілері, оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының педагогтары, инклюзивті тәжірибені енгізетін жалпы білім беретін мектептердің психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, «Шығыс» республикалық орталығының әдіскерлері, ФАО «Өрлеу» БАҰО» жетекшілері, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке оңалту бағдарлама орталығы, Шығыс Қазақстан облысы С.Аманжолов атындағы университетінің оқытушылары болды.
Семинарды білім бөлімінің басшысы Чернышева Инесса Александровна ашып, өзінің құттықтау сөзінде педагогтар ұжымы аз уақыт ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және қолдау көрсету үшін ерекше жағдай жасау жолында оң нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО Біліктілікті арттыру институтының директоры Г.С.Жуманова қазіргі заманғы педагогтардың үздіксіз кәсіби білім алуының маңыздылығына тоқталды. «Ақ ниет» КММ директоры С.К.Кривицкая өз сөзінде педагогикалық ұжым қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жалаушинова Л.М. бастауыш сынып оқушыларының білімі мен дағдыларын бағалау туралы қысқаша баяндама жасады. Алдағы семинарда белсенділік көрсету мақсатында педагог-психолог Азина Ж.Т. қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді.
Практикалық бөлімде қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Амирова М.Б қол мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ететін киіз басу бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. Искакова С.Н., Қалиева А.З., Саинова С.С. — бастауыш сынып мұғалімдері ерекше оқу қажеттілігі бар балаларды оқытуда белсенді педагогикалық технологияларды (ойын, денсаулық сақтау, саралап оқыту технологиялары; ұжымдық шығармашылық жұмыс) және формаларын көрсетті.
Жеке және топтық сабақтарында арнайы сала мұғалімдері Ахметова Г.С., Еңсебаева С.К., Ансаганова А.Б. сөйлеуінде ақауы бар балалардың көру, есту қабылдауын дамытуға, дыбыстық талдауды қалыптастыруға арналған жаттығулар түрлерімен, сонымен қатар дефектологтардың жұмысында нейростимуляциялық әдістерді қолданумен семинарға қатысушыларды таныстырды. Би маманы Халелова М.А. есту қабілеті бұзылған балалардың музыкалық-ритмикалық дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтың фрагменттерін, сондай-ақ, адаптивті және емдік дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Мамырбеков А.Ж. тірек қимыл аппараты бұзылған балалардың қозғалыс белсенділігі мен дене қалпын түзету жаттығуларын көрсетті.
Семинардың екінші бөлімінде педагог-тәрбиешілер Байырханова Ж.Ж., Мадиева Н.А., Құнанбаева А.Т., Махметова Н.М., Етекбаева А.Ж. барлық қатысушыларға үй тапсырмасын орындаудың тиімді формалары мен әдістерін көрсететін «миға шабуыл іс-тәжірбиесіне» қатысуға шақырды.
Қорытындылай келе, «ашық микрофонда» әріптестер «Ақ ниет» педагогикалық ұжымының тәжірибесі туралы пікір алмасып, жалпы білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа әдістемелік тәсілдер, арнайы білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Іс-шара мазмұнды, жемісті және жылы достық атмосферада өтті. Директор С.К.Кривицкая және «Ақ ниет» педагогикалық ұжымы Жұманова Гаухар Сайлаубекқызына және облыстық мұғалімдер үйінің мамандарына семинарға қолдау білдіріп, қатысқандары үшін шынайы алғыстарын білдіреді. Барлық қатысушыларға еңбектеріне сәттілік тілейміз!
19 сәуірде «Ақ ниетте» Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің стратегия және салааралық үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Бағымкүл Абубакировна Күптлеуова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бас экономисты — Гүлнар Тұрарханқызы Калимжанова қонақта болды.
«Ақ ниеттегі» экскурсиясы барысында қонақтар тәрбиеленушілерге арналған күнделікті және арнайы жағдайлармен танысты. Олар оқу-түзету-дамыту үдерісі үшін заманауи материалдық-техникалық базаның бар екендігін атап өтті.
Білім министрлігіндегі әріптестер «Ақ ниет» мектеп-интернатының директоры Кривицкая Светлана Каримуллаевнаға және педагогтар ұжымына ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы табыстары мен жетістіктері үшін алғыстарын білдіріп, естелікке тілектерін жазып кетті.
Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың наурыз айында біздің қаламызда жасөспірім қызды өзімен қатарлас қыздар ұрып, соққыға жыққан. Бұл оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде белсенді түрде таралып жатыр. Қазіргі уақытта полиция органдары бұзақылық фактісімен қатар, бейнероликтің таралуы факті бойынша да қылмыстық істерді тергеу үстінде.
Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды келесі жағдайларға аударғымыз келеді.
Біріншіден, жоғарыда аталған бейнероликтің таралуы (қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын жазба) жәбірленуші мен оның туыстарына моральдық және психологиялық азап әкелетінін ескере отырып, Сіздерден осы бейнежазбаны таратпау және оны балалардың телефондарынан алып тастау (жою) үшін шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, осындай бейнематериалдарды таратқан жағдайда, қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді).
Екіншіден, бүгінде қаланың оқу орындарында буллингтің басқа да фактілері (қорлау, қысым, агрессия көрсету) орын алуы мүмкін.
Көбінесе, буллингке ұшыраған балалар мұндай фактілерді ересектерге жеткізуден қорқады. Нәтижесінде, бұл құқық бұзушылықтар құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалады. Соның салдарынан «агрессорлармен» профилактикалық жұмыс жүргізілмейді.
Оқушылардың ата-аналары мұндай құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауда өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан, егер сіздің балаңыздың мектеп буллингінің құрбаны болғанын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға (Қабанбай батыр көшесі, 152; тел. «102») немесе қала прокуратурасына (Шәкәрім даңғылы, 58; тел. 75-48-48; 8-778-775-48-48) хабарлауды сұраймыз.
Үшіншіден, құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын балалардың ата-аналары да, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз.
Біз Сіздің түсінуіңізге үміттенеміз!
Өскемен қаласының прокуратурасы
Мамыр айында «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ көп жанрлық «Екі жұлдыз» дуэттер фестивалін өткізеді.
«Екі жұлдыз» дуэт фестивалі ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерді әлеуметтендіруге көмек ретінде ұйымдастырылған. Бұл вокал, хореография және басқа да жанрларды жаттықтыру процесінде балалардың шығармашылық әлеуетін, жеке көркемдік қабілеттерін дамытуға көмектесетін нақты және бірегей мүмкіндік. Шығармашылық жетістіктермен алмасу, мектеп ұжымдары арасындағы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты кеңейту.
«Екі жұлдыз» дуэттер фестивалінде түрлі жанрдағы орындаушылар мен қатысушылар тек «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері ғана емес. Сондай-ақ, осы іс-шараға қатысуға біздің әлеуметтік серіктестеріміз – № 15, 19, 37 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мұғалімдері, ВКГК волонтерлері, Абай, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі шақырылады. «Екі жұлдыз» дуэт фестивалін білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарының қолдауымен «Ақ ниет» мектеп-интернаты ұйымдастырып отыр.
Номинациялар мен жанрлар: хореография, аспапта орындау, вокал, көркем сөз, ерекше жанр, сәндік-қолданбалы өнер.
Фестиваль аясында қолданбалы өнер көрмесі, «Ақ ниет» мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің өмірі мен демалысы туралы фото және бейнематериалдар көрсетіледі.
ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «N15 орта мектеп» КММ-не акт залын бергені үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз.
08.04.2023ж. Ертіс концерт залында өткен Халыкаралық «Spring music show» фестиваль аясында «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері: Сапарова Жасмина, Тусупбекова Алуа, Баширова Ислана, Нурланова Жанур өздерінің музыкалық жетекшісі Алимбаева Нағима Акашевнаның дайындаумен эстрада вокалы атты сайыста жүлделі 1-2 орынға ие болды. Бүгінгі фестиваль өте жоғары деңгейде өткізілді. Жан-жақтан келген қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.
II Қайырымдылық Фестивалінің жобасын өткізді. Қордың ұйымдастырушысы Станислав Владимирович Цих. Бір жыл бұрын ғана фестиваль Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-мәдени қауымының ерекше назарын аударған болатын.
Фестивальдің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік-мәдени оңалту үшін жағдай жасау. Жоба әр күн үшін адамдарға керемет мотивация береді, қоғамды әртүрлі нысандардағы мүгедектер мен қарттардың мәселелеріне тартады.
«Ақ ниет» мектеп-интернаты жоба бойынша «Қолдан жасалған ғажайыптар» атты тәрбиеленушілеріміздің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін ұсынды. Қонақтар, ұйымдастырушылар мен қатысушылар орталық мәдениет үйінің залына лық толды.
Біздің «Камертон» триосы «Добрая песня» 2 әнін орындаса, «Күншуақ» би ансамблі «Көктем» биімен өз өнерлерін ортаға салды. Бек-Сейіт орындаған арбадағы «Вальс» биі көрермендерді баурап алды. Светлана Каримуллаевна сөз сөйлеп, жобаны ұйымдастырушыларға алғыс хат табыс етті. Адамдарға деген сенімімізді жоғалтпай, әр күнімізді жақсылық пен қайырымдылыққа бөлейік. Жақсылықты бағалап үйренейік! Бізге қымбат жандар үшін, аман болайық!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ 2023-2024 оқу жылына 0-4 сыныпқа оқушылар қабылдайды. Оқыту тілі: қазақша/орысша.
«Ақ ниет» мектеп-интернаты сөйлеу, есту, көру, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, интеллектісі сақталған балаларға арналған арнайы мектеп болып табылатын және балалардың жалпы білім беру жүйесіне енуге жағдай жасап отырған республикадағы жалғыз мекеме болып табылады.
Бастауыш білімді мектеп-интернаты қабырғасында алады, 5 пен 11 сынып балалары инклюзивті жақын маңдағы жалпы білім беру мектептерінде оқиды, 9 сыныптан кейін техникалық және кәсіби білім Өскемен қаласы колледждерінде жүзеге асады.
«Ақ ниет» мектеп-интернатында қалалық емес балалардың білім алуы мен тұруға ыңғайлы жағдай жасалған, кедегісіз орта ұйымдастырылған, оқу кабинеттері заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Тәрбиеленушілер арнайы педагогтардың (логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, дефектолог) коррекциялық түзетуі, психологиялық-медициналық-педагогикалық жетелеуі сонымен қатар балалар қосымша білім берумен қамтылады. Педагогикалық ұжым арнайы даярлықтан өткен.
Мектеп-интернатына психологиялық – медициналық — педагогикалық кеңес (ПМПК) тұжырымдамасымен қабылданады. Ата-аналарынан (заңды өкілдерден) балаларды 0 сыныпқа қабылдау өтініші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету» осы 2023 жылдың 01 сәуір 01 тамыз аралығында қабылданады. Жұмыс кестесі мереке және демалыс күндерінен басқа кезде дүйсенбіден сенбі кешке дейін.
Орналасқан жері: Өскемен қаласы, Севастополь көшесі, 6/2, «Ивушка» дүкенінің маңында.
Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады: www.vko-akniet.kz (Яндекс жүйесінде іздеп көру), Фейсбук парақшасы https://www.facebook.com/profile.php?id=100059250771066&mibextid=ZbWKwL, Инстаграм https://instagram.com/schoolakniet_2016?igshid=ZDdkNTZiNTM= сонымен қатар мына телефондар арқылы: 8 (7232) 54 48 21, 8 (7232) 21 55 19, сот 8 7778568260.