Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. «Ақ ниет» мектеп-интернатында бала бойына алғыс айтудың зор мәні мен маңыздылығын қалыптастыру мақсатында өзара жақсы тілек пен жылы лебіздер жазылған ашық хаттар таратылды.
Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек көрсету мен дұрыс қарым – қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 28 ақпан күні 4 сынып оқушыларымен «Дос болайық бәріміз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Өз жас ерекшеліктеріне сай балалар достықтың қыр-сырымен жете танысып, шын дос бола білудің құпиясын тауып, қиындықтарын жеңу жолдарын қарастырды. Тәрбие сағаты педагог-тәрбиешінің жоғары кәсібилік дағдыларының арқасында сәтті өтті.
«Своя игра» интеллектуалды ойыны. Мақсаты: Тәрбиеленушілердің салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Міндеттері: жаман әдеттерден сақтандыру және оның жас организмге зиянды екендігін насихаттау. Балалардың өз ойларын айта білу, бір-бірін тыңдау, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Бәсекелестік сезімін қалыптастыру. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
СӨС қамтитын тақырыбының 4 бағыты балалардың жас ерекшелігіне және еліктеп жүрулеріне байланысты алынды.
Балалар жылы аясында біздің әлеуметтік серіктестеріміз «Әкелер мектебі» ЖШС қайырымдылық негізде балаларға бейне-фото түсіру мен монтаждауды үйрету курсын өткізеді. Курстың мақсаты – қосымша білім беруге заманауи компьютерлік бағдарламаларды енгізу және балаларды одан әрі дамыту үшін фото және бейне өңдеу саласындағы жаңа білім мен дағдыларды үйрету.
Ақ ниет мектеп-интернатында мектепішілік «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқаудың басты міндеті: балалар жылы аясында балалардың өнерін шыңдау, шабытын шарықтату, сөз қадірін түсінуге тәрбиелеу, оқырмандық ой-өрісін кеңейту, көркем әдебиетке баулу, мәнерлеп әдеби сөйлеуді дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Байқау аясында өздері таңдаған прозалық шығармадан үзіндіні қазақ және орыс тілінде мәнерлеп оқыды. Байқауға қатысушыларды әділқазылар алқасы бағалады. Байқауда Бас жүлде, 1 орын алған сайыскерлер қашықтықтан қалалық мәнерлеп оқу сайысына жолдама алды.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз».
Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады. «Ақ ниет» мектеп-интернатында да балалар жылы бағдарламасы аясында жас ұрпақтың өнерін сомдап, қанатын биікке қақтыру мақсатында » Екі жұлдыз» мерекелік шарасы өтті.
Түнгі аспанға қарап, біз қанша жұлдыздарды көреміз және олар әртүрлі жарқырайды! Үлкен және кіші жұлдыздар бар! Ақ пен көк, сары және қызғылт сары, тіпті қызыл! Ал жұлдыздардың жарықтығы оларға дейінгі қашықтыққа байланысты: неғұрлым жақын болса, соғұрлым жарық.
Біздің «Ақ ниет» аспанында барлық жұлдыздар жарқырайды. Ал біздің «Екі жұлдыз» іс-шарасы шығармашылық үрдістерді ілгерілетуге, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін белсендіруге, оларды сұлулық әлемімен таныстыруға бағытталған.
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай кітапханада «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітапхана сағаты өтті. Мұқағали — ақын, гуманист. Ақын өлеңдерін оқыған сайын бейнелі рухтың, сезім мен сананың ақиқат тұтастығына сүйсінеді. Ақынның өмірі мен шығармалары туралы студент Газраилова М. айтып өтті. Сондай-ақ ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Мұзбалақ ақын Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
14 ақпан күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында «Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған» атты ашық сабақтар апталығының салтанаты ертеңгілігі үш тілде болып өтті. Бастауыш сыныпта оқитын негізгі пәндер қонаққа келіп өз білімдерін ортаға салды. Қызықты жұмбақтар шешілді. Апта бойы өткізілетін мәнерлеп оқу, көркем жазу және оқу шапшаңдығы сайыстарына белсене қатысқан оқушылардың жетістіктерін қорытындылау нәтижесі болатыны хабарланды. Ертеңгілік соңында «Учать в школе» әні орындалды.
Алғашқы ашық сабақты 4 «а» сыныбымен Искакова С.Н. өткізді. «Комбинаторные задачи, решаемые методом перебора» тақырыбымен математика пәні бойынша өткізілген сабақ барысында оқушылар өз белсендіктерін таныта білді. Сабақ бірнеше қызықты бөлімдерден тұрды, қорытынды бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Барлықтарыңызды бастауыш сынып апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, болашақтың білімді жастары екенімізді көрсетейік!
2022 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы іссапармен, Шығыс Қазақстан облысы білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Зейнеп Махсутовамен бірге «Ақ ниет» мектеп-интернатында болып қайтты.
Ұжымның қызметімен жете танысқан Майра Тұрғанбайқызы оқу жүйесін ұйымдастырудың заманауи материалдық-техникалық базасы, кедергісіз физикалық орта және балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды атап өтті. Кездесу барысында, директор Кривицкая С.К. тәрбиеленушілерді жалпы, техникалық және кәсіптік білім беруге ойдағыдай тарту бойынша педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысы және кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ қосымша білім беру бағыттары туралы толықтай айтып өтті. Тәрбиеленушілермен жеке сөйлесу кезінде қонақтар интернат өмірінің ерекшеліктері мен жасалған қолайлы жағдайлар туралы әңгімелесті. Қызықты әңгіме барысында балалар барлық сұрақтарға шынайы көңілмен жауап берді. «Ақ ниеттің» қонақтары үшін есігіміз әрдайым ашық дегіміз келеді.
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп-интернатта «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы» атты кітапханалық сабақ өтті. Іс-шараның мақсаты: тәрбиеленушілерді қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, тіл жанашыры, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өз Отанының нағыз патриотының өмірі туралы әңгімелеу.Тәрбиеленушілер Ахмет Байтұрсынұлы ның өлеңдерін жатқа айтып. белсенді қатысты. Акынның өмірі мен шығармашылығына арналып слайд көрсетілді. «Ахмет Байтұрсынұлы –ұлттың ұлы ұстазы » атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды.